№59 МЕКЕМЕСІНДЕГІ СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ БІЛІМ АЛУЫ ЖАЙЫНДА ӨТКЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ
Темір торға тоғытылған жандар, абақтының ар жағында отырып та орта және кәсіптік білім алып, мамандық игеруде. Жазасын өтеуші азаматтар үшін барлық жағдай жасалған, орта білімі болмаса арнайы кешкі мектеп те бар. Ағымдағы жылдың 12-ақпан күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №59 мекемесінде мекеме бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметовтың және мекемедегі жасақ бастықтарының, №15 кәсіптік техникалық колледжінің және кешкі орта мектеп мұғалімдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуде сотталғандардың сабаққа қатысуларының толық қаматамасыз етілуі және де жасақ тәрбиешілер кеңесі мүшелерімен бірлесіп жұмыс атқарулары бойынша мәселелер қаралды. Мекеменің ішкі күн тәртібіне сәйкестендіріп, сотталғандардың сабақ кестесі құрылып, оқу жоспарына сәйкес білім алуда. Қазіргі таңда мекемеде 100 сотталған 2023-2024 оқу жылында білім алуға өтінішін білдірген.
Жазасын өтеушілер осында мерзімдері біткенше белгілі бір мамандықты иеленіп, мекемеден шыққанда жаңа өмірге қадам басуға мүмкіндік алады.